Астана қаласының «Жастар» театрында – жаңа қойылым. Театр ұжымы жазушы-драматург, Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері Жаныш Құлмамбетовтың «Жасауыл» әфсанасын көрермен назарына ұсынды.  Қойылымның басты идеясы -  бірлікте екенін ұғынған ұлттың ғана келешегі кемел болмақ дегенге саяды. Спектакльдің қоюшы-режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекболат Құрманғожаев. Басты рөлдерді Данияр Оразаев, Ғани Құлжанов пен Нұрбек Әлібек сынды театр актерлері сомдады.  Бұл қойылым «Жастар» театры репертуарына еніп, көрермендер ықыласына бөленеді деп сенеміз,-дейді спектакльдің қоюшы-режиссері.

БЕКБОЛАТ ҚҰРМАНҒОЖАЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

 - Шекспирдің тіліне ұқсатып жазған екен. Сондықтан режиссерлік шешім үшін формасын табу керек болды. Біз бұл жерде әлемде болып жатқан келеңсіз оқиғаларды алға тартып отырмыз. Сол тұрғыдан келгенде, режиссерлік формасын табуға келгенде кішкене ойлануға тура келді. Қарапайым киімдеріне дейін. Соған көп көңіл бөлдік. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер