Қазақстанның үздік жас ақын-жазушыларының есімдері анықталды. ҚР Тұңғыш Президенті Қоры биыл үшінші мәрте жариялаған «Алтын тобылғы» байқауының жүлдегерлері марапатталды. Әдебиеттің кейінгі толқын өкілдерін ынталандыруға арналған жобаға он сегізден отыз бес жасқа дейінгі қаламы қарымды жастар қатысты. Бәйге талабына сай дарын иелерінің сиясы әллі кебе қоймай, басылымға шығып үлгермеген жаңа шығармалары сынға түсті. Қазылар алқасы биыл ұсынылған туындылардың қатары әлдеқайда артқандығын айтады. Жүз отыз үміткерден тек алтауы топ жара алды. Нәтижесінде « Туған ел»  тақырыбына арналған еңбектер легінде Мақпал Мысаның шоқтығы биік болды. Шежірелі тарихымыздан сыр шертетін тарихи поэма авторына бір жарым миллион теңге сыйақы табысталды. «Үздік проза» аталымында «Бақытты жамал» атты хикаятын жазған Бейбіт Сарыбаев та құрмет  биігінен көрініп, бір миллион теңгенің жүлдесін еншіледі. Сол секілді қара өлең ұйқасы шеберлері  мен «балалар шығармасы» атылымдарында топ жарғандар 750 мың теңгені қанжығасына басты. Жыл соңына дейін үздік атанған шығармалар жинақ болып басылып, оқырман қауымға ұсынылады.

МАҚПАЛ МЫСА, «АЛТЫН ТОБЫЛҒЫ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ:

 - Сан тарих бабам жайлы сыр айтады, Қуантады, жанымды мұңайтады. Өткенге өткел төсеп өлеңіммен, Ал бүгін мен айтпасам кім айтады. Тарихзи поэма. Шоған Абыз деген абыз болған. Елбасы жолдауларында үлкен тақырып айтылды ғой әдебиет пен мәдениетке қатысты. Танылмаған тұлғаларды таныту мақсатында. Қазақта Есім хан мен Тәуке ханның тұсында өмір сүрген абыздың өмірі, бүгінгі тәуелсіздік, мәңгілік ел аясында жазылған жанр.

БЕЙБІТ САРЫБАЙ, «АЛТЫН ТОБЫЛҒЫ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ:

 - Соңғы шешім шыққанға дейін уайым, қорқыныш, үміт   әр түрлі сезімдер болады. Ал шешім шыққаннан кейін әрине қуаныш сезім. Бұл бәйге шығармашылығыма серпін беруі мүмкін, шабыт беруі мүмкін. Қазақтың тұңғыш романын білесіздер – «Бақытты жамал». Бұл енді «Бақытты жамал». Роман емес, шағын хикаят. Бүгінгі заманның көрінісі. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер