«Қазақстан әлем фотографтарының көзімен». Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб пәтерінде ашылған көрме осылай аталады. Мұнда жақында Астанада таныстырылған фотоальбомға енген суреттер қойылды. 200-ден аса туындының арасында әлемге әйгілі Павел Антонов, Андрей Мартынов сынды фотографтардың жұмыстары бар. Отандық фотосуретшілердің объективіне ілінбеген сәттерді шетелдіктер қалт жібермепті. Олар ЕХРО халықаралық көрмесін, қазақ ауылдарының өмірін, ұлан ғайыр даланың алуан түрлі пейзаждарын, қалалардың күйбең тіршілігін кадрге алған. Қазақстанның тәуелсіздік күні қарсаңында ашылған көрме бір жыл бойы жалғасады.

ШҮКІР ШАХАЙ, ФОТОТІЛШІ:

 - Шетелдің фототілшілеріне, әсіресе, біздің табиғатымыз өте қатты ұнады. Олардың айтқандары: «Мына Қазақстанда осы туризмді дамытса екен. Мына жерлер керемет екен ғой» деп таңданыстарын білдірді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер