Еліміздің 8 қаласында 800-ге жуық мектеп оқушысы Тәуелсіздік күніне орай флешмоб ұйымдастырды. Ақтөбеде балалардың ақыл-ойын дамыту халықаралық орталығының 7 мен 12 жас аралығындағы жеткіншектері әлемнің танымал хит әндеріне би биледі.

Балалардың ақыл-ойын дамыту халықаралық орталығы филиалының ашылғанына бір ай болды. Мектепте бүгінде 200 бала тәлім алып жүр. Білім ордасында балғындар менталды арифметиканың қыр-сырын меңгеріп, жылдам оқуды, роботтық техниканы үйренеді.  

Тәуелсіздік күніне арналған дәл осындай флешмоб Шымкент өңірінде де ұйымдастырылды.

Интеллектуалды оқыту орталығының оқушылары көпшіліктің назарын өздеріне аударып, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мектепте еңбек етіп жүрген педагогтардың айтуынша, орталықта балаларға жан-жақты дамуға, көшбасшылық дағдыларын меңгеруге мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалар арқылы білім беріледі.

ӘКІМ ТҰРСЫН, BILGE ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 - Оқу орталығында «Ойсана», «Роботтар» секілді зияткерлік курстар бар. Ол сабақтарда балалар техникалық сауатын ашып, роботехниканың тілін жетік меңгере алады. Балғындар ғылым көкжиегіне бойлап, заман талабына сай компьютерлік бағдарламалармен еркін жұмыс істей алады. Топпен бірлесіп түрлі жобалар ұйымдастыруды да үйренеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер