Ұлттық музейде ағайынды Гриммдердің шығармашылығына арналған көрме өтті

Қазақстандағы Германия елшісі Рольф Мафаэль ағайынды Гриммдердің көрмесімен жеке өзі таныстырды. Ағайынды Гриммдер шығармашылығы әр адамға түсінікті, кез келген халыққа жақын болуымен ерекшеленеді. Ұлттық музейде ашылған экспозицияға «Ұйқыдағы ару», «Қызыл телпек», «Күлшеқыз» сынды ертегілердің иллюстрациялары қойылған. Ерекше безендендірілген көрме келушілерді ертегілер мен танымал кейіпкерлер әлеміне жетелейді. Экспонаттардың арасында ағайынды Гриммдердің жеке заттары мен құжаттары да бар. Олар бір ғасырға жуық уақыт бойы  ағайынды Гриммдер қорында сақталған.  Қазақстандағы Германия елшілігінің көмегімен Астанаға жеткізіліп отыр. 

РОЛЬФ МАФАЭЛЬ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ГФР ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 - Бұл көрмеде ағайынды Гриммдердің жұмыс атмосферасын аңғаруға болады. Олардың үйлеріндегі түсқағаздар мен өздері салған суреттер қойылған. Осылайша, олардың шығармашылық атмосферасын жеткізбек болдық. Экспонаттардың арасында неміс тілінің алғашқы сөздігін де көруге болады. Ағайынды Гриммдер ертегілерді жазып, жинаумен қатар филология, заң, тарих ғылымдарын дамытумен айналысқан.