Астанада белгілі қазақстандық суретші Ләйлә Махаттың жеке көрмесі ашылды

Астанада белгілі қазақстандық суретші Ләйлә Махаттың жеке көрмесі ашылды. Ауқымды экспозицияға көркемсурет пен кескіндеме туындылары қойылған. Мұның бәрі автордың мәтіндік жазбалары әрі инсталляцияларымен безендендірілген. Шебердің туындыларында  қазақтың ұлттық нақышы бірден көзге түседі. Суретшінің айтуынша, оны Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері шабыттандырады. Ләйлә Махат –бірқатар қазақстандық және халықаралық жобалардың авторы. Оның жұмыстары АҚШ, Италия, Чехия, Жапония, Қытай, Нидерланд сынды елдерде көрерменнің ықыласына бөленіп үлгерген. Жуырда қылқалам шеберінің көрмесі Австрия мен Лихтенштейнде де өтті.

ЛӘЙЛӘ МАХАТ, СУРЕТШІ:

 - Мен өзге елдерде бірқатар жобаларымды іске асырып жатырмын. Бірақ Қазақстанда жеке көрмелерімді ұйымдастырмағалы біраз уақыт болыпты. Сондықтан Астанада жеке көрмемді ашуды ұйғардым. Менің еңбектерімнің бәрі Қазақстанмен, біздің тарихымызбен байланысты. Заманауи қазақстандық өнердің ерекшеліктерін өнерсүйер қауымға жеткізу маңызды деп ойлаймын. Осылайша, біздің өнерімізді шет елдерде де жақсы тани бастайды.