Берлинде «Қаракөз» спектаклінің неміс тіліндегі премьерасы өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Германия астанасы Берлинде «Қаракөз» спектаклінің премьерасы өтті. Қазақстандық академиялық неміс драма театрының ұжымы қойылымды көрерменге алғаш рет неміс тілінде ұсынды. Мұхтар Әуезовтің шоқтығы биік шығармасының философиялық мағынасын композиторлар мен режиссерлар ән мен би арқылы аша білген. Қаракөз бен Сырымның махаббат хикаясы көрермендердің көзайымына айналды. Күрделі драма Берлин сахнасында алғаш рет қойылса да, еуропалық өнерсүйер қауым жылы қабылдады.

НАТАЛЬЯ ДУБС, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ НЕМІС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Көрермендер өте жылы қабылдады. Ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді. Әуезовтың бұл шығармасындағы поэтикалық бейнелер қиын әрі әдемі. Сол себепті бимен оқылымды біріктірдік.

ДМИТРИЙ ХОЛЬЦМАН, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ НЕМІС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ:

 - Шынында менің рөлім көзге көрінгендей оңай емес. Қазақ салт-дәстүрін сырттан ғана бақылап жүрген мен, алғашында бірден түсіне алмадым. Дегенмен, қызық тәжірибе болды. Өз таныстарымды Берлинде көргеніме өте қуаныштымын.