ЮНЕСКО ұйымының материалдық емес мәдени мұраларының репрезентативтік тізімін Орталық Азия елдерінің сал-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары толықтыруы мүмкін. Ұсыныстар қатарында қазақтың асық ату ойыны, Қырғызстанның фольклорлық ат ойыны бар. Сондай-ақ Тәжікстан «Фалак» ұлттық әуендерін ұсынса, Түркменстан Күшт-депди атты көне биі түрін енгізуге ниет танытқан. ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгізу бойынша жалпы саны 34 жаңа өтініш түскен. Олардың барлығы желтоқсанның 9-ына дейін Оңтүстік Кореяның Чеджудо аралында Үкіметаралық материалдық емес мұраларды қорғау жөніндегі комитетінің 12-сессиясында қарау жоспарланған. Сарапшылардың айтуынша, аталған бастамалардың бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілуі Орталық Азия елдерінің мәдени мұрасын халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауға мүмкіндік бермек. Еске салсақ, 2016 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының репрезетантивтік тізіміне қазақ күресі мен саятшылық өнер енген болатын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер