Елордада тіл жанашырлары марапатталды. Шараға мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосып жүрген тұрғындар мен шетел азаматтары қатысты. «Тіл жанашыры» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған республикалық байқау екі жылда бір рет өтіп тұрады. Биылғы сайыста қоғамның әр саласында еңбек етіп жүрген 38 азамат атап өтілді. Олардың ішінде ҚР Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетте елшісі Қайрат Шораұлы бар.

ҚАЙРАТ САРЫБАЙ, ҚР АВСТРИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТЕ ЕЛШІСІ:

 - Егер мемлекеттік саясат осындай қоғамдық ұйымдар тарапынан қолдау таппаса, осындай ынта болмаса, онда мемлекеттік саясаттың қаншалықты дұрыс екені сұрақ белгісі болып қалады. Менің ойымша, елімізде атқарылып жатырған осы шаралардың көбі, қоғамның көңілінен шығып жатыр.

КӘДІРБЕК САДУБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТАЛАС АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Республика бойынша барлық облыстардан, әр саладан, орталық аппараттарда қызмет ететін қызметкерлер, жалпы тіл жанашырлары марапатталып жатыр. Меніңше, бұл қажет нәрсе деп санаймын. Бізге жасалған бағдарламада осы тіл мәртебесін көтеру, осы мақсатта қандай жұмыстар атқару керек деп тілдесіп, сөйлестік.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер