Еліміздің салиқалы саясаты Қазақстан Республикасының әр азаматына сапалы білім мен саналы тәрбие алуға кепіл болады.  Бұған республиканың әр жерінде ұлттық жаңғырту мектептерінің көптеп ашылып жатқаны  дәлел. Мәселен, тек бас шаһардың өзінде елімізді мекендеген өзге халықтардың 12 жексенбілік мектебі жұмыс істеп тұр. Оның бірі жақында ресми түрде Өзбек этномәдени орталығының мұрындық болуымен жеткіншектердің төл дәстүріне қанығып өсіп-жетілуіне арнайы тұсауы кесілген «Зие» атты тұңғыш тәрбие ошағы.

ШЕРЗОТ ПУЛАТОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӨЗБЕК ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Бізге осындай мектеп тен орын беріліп отыр. Осы мектептің үлкен сыныптары берілді, акт залын қолдануға рұқсат берілген. Сондықтанда біз өте қуаныштымыз, біздің елімізде осындай мүмкіндіктердің жасалғанына. Өзіңнің тіліңді, тарихыңды үйренуге бар мүмкіндіктер жасалуда.

Мектеп шәкірттерінің әр апта соңындағы оқуы Қазақстанның әнұранын орындаумен басталады. Кейін тәлімалушылар ана тілін латын қарпімен оқуды үйренеді. Жалпы, мұндағы сабақтар туған тілдерімен қоса, қазақ, орыс, ағылшынша өткізіледі.

Орталықта 3 жастан бастап жеткіншектер ой-өрістерін кеңейту үшін бар жағдай жасалған. Жастайынан тарихқа құрмет, мәдениетке баулу, дарындарын ширататын өнер үйірмелері жұмыс істейді. Тәрбиеленушілер қолөнер, ұлттық ән-билерін, ұлттық аспап түрлерін осы жерде меңгере алады.

Бүгінде 50-ге тарта балғын осы жерде білгендеріне білім қосып жүр. Әр жексенбі сайын жұмыс істейтін «Зие» мектебінің есігі әр келушіге ашық дейді, білім ордасының ұжымы.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер