«Астана опера» театры «Париж құдай анасы шіркеуі» қойылымымен Италияда өнер көрсетті. 1965-ші жылы әлемдік хореографияда үздік деп танылған балет Генуя қаласындағы Карло Феличе театрында алғаш рет өтті. Спектакльге труппаның барлық мүшесі қатысты. Қазақстандық артистер  шетелдік көрерменге ортағасырлық Париждің атмосферасын толықтай сезіндіріп, ерекше көңіл-күй сыйлады. Ұсқынсыз Квазимодоның рөлін Бақтияр Адамжан мен Рүстем Сейтбеков сомдаса, Эсмеральданы сомдау міндеті Мәдина Басбаева мен Әйгерім Бекетаеваға жүктелді.   

АЛТЫНАЙ АСЫЛМҰРАТОВА, «АСТАНА ОПЕРА» БАЛЕТІНІҢ КӨРКЕМДІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Бұл әлемдік классикамен иық тіресіп тұрған танымал спектакль. Нотр Дам, Гюго, шіркеу тарихы мен тақырыбы француздарға тән болғанымен, италиялықтарға да алыс емес деп ойлаймын. Жалпы, көрермендер қатігездік пен сатқындық, махаббат пен сүйіспеншілік өрбіген қойылымдарды қай кезде де жақсы қабылдайды.

ДЖУЗЕППЕ АКУАВИВА, «КАРЛО ФЕЛИЧЕ» ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

 - Бұл – әр кезде де көрерменнің қызығушылығын тудыратын өте танымал спектакль. «Париж құдай анасы шіркеуін» тамашалаған италиялық көрермен оң бағасын береді деп ойлаймын. Жалпы, «Астана опера» театрымен бірлесіп жасаған жобаларымыз қашан да жоғары бағаға ие болады. 

Айта кетейік, «Париж құдай анасы шіркеуі» қойылымын Италияға барар алдында Маринский театрының көрермендері де жылы қабылдады. Санкт-Петерборгтің өнер ошағында бұл қойылым осы жылдың ақпанында көрсетілді. «Астана опера» театры ел асып, іссапарларға жиі шығады. Мұндағы мақсат –шетелге өзіміздің мәдениетті көрсету, рухани дамып, кәсіби біліктілікті арттыру.     

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер