Әлемдік  классикалық шығармалардың көшін бастаған Италия әдебиетінің жауһарлары. Елордадағы ұлттық академиялық кітапхана қоры италиялық жазушылардың еңбектерімен толықты. Аталмыш мемлекеттің Қазақстандағы елшілігі осындай тарту жасады. Барлығы жүзден астам кітаптың ішінде әлемге аты мәшһүр классиктер Данте, Марко Поло, Умберто Эко туындыларының шоқтығы биік. Сонымен қатар, заманауи қаламгерлердің де тың жазбалары бар. Италияның көркем әдебиетімен бірге елдің тарихы, мәдениеті мен өнері, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі, сәулетті құрылысы және сұлу табиғаты суреттелетін еңбектермен танысуға болады. Тіл меңгерем деушілерге арналған оқулықтарда осы жерден табылады.  

СТЕФАНО РАВАНЯН, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИТАЛИЯ ЕЛШІСІ:

 - Біздің ұлттық кітапхана қорына жасаған тартуымыз мұнымен шектелмейді. Болашақта Италия әдебиетіне арналған бұрыш жаңа еңбектермен толығып тұрады. Марко Полоның көпке танымал «Әлемнің әралуандылығы» атты туындысы қазақ тіліне аударылды. Бұған дейін ол тек италия және француз тілдерінде жазылған еді. Жақында кітаптың тұсауы кесіп қалың оқырманға жол тартады.

ҮМІТХАН МҰҢАЛБАЕВА, ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Кітап ол дүниежүзінің елшісі деп айтуға болады. Кітап арқылы  бір-бірімізді тану, Бір-біріміздің мәдениетін, тарихын білу. Сол себепті Италия елшісі бізге осындай үлкен кітап қорын тарту етіп жатыр.Біз қуаныштымыз. Оқырмандарымыз көбейеді.  

Өз кезегінде Ұлттық кітапхана Италияның Венеция қаласында Қазақстанның әдебиет орталығын ашпақ. Жалпы, бүгінде әлемнің 15 мемлекетінде елімізді танытатын кітаптар бұрышы құрылған. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер