Ресейде «Алтын күз-2017» қазақ әндерінің фестивалі өтті. Өнер бәйгесінің соңғы іріктеуіне Санкт-Петербург, Астрахань, Уфа, Тюмень, Саратов және Самара сынды Ресейдің әр аймағынан 13 талантты жас әнші қатысты. Фестивальдің бірінші кезеңінде қазақ әуендері шырқалса, екінші кезеңі шет ел музыкасына бағытталды. Шараны Ресейдегі Қазақстан Ешілігі мен Тұңғыш Президент Қоры, сондай-ақ, дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы мен ұлттар федералды агенттігінің қолдауымен, қазақ диаспорасы ұйымдастырды. Байқау екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына арналды.

АРДАҚ БАЛАЖАНОВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

 - Мен осы фестивальге келіп отырып неше түрлі талантты жастарды көрдім. Оның ішінде қазақ әнін деңгейіне жеткізіп, тап-таза орындап жатқан біздің болашақ керемет өнерпаз жастармен қауышып, өзіме бір керемет жаңалық аштым. Зал толы болды. Қолдау да керемет қазақ әніне.

СОН ПАСКАЛЬ, МУЗЫКАНТ:

 - Қазақ мәдениеті тек Қазақстанда ғана емес, шет елде де танылып жатыр. Негізі, әлем бойынша салт-дәстүрді берік ұстанатын қазақтар көп. Оларға қолдау көрсету керек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер