Көне қаріпте жазылған құран хадистері мен шығыстың ұлы ғұламаларының қанатты сөздері. Елордада ирандық каллиграф Расул Мохаммадхахтың жеке көрмесі ашылды. Онда суретшінің сан ғасырлар бойы мән-маңызын жоғалтпаған парсы тіліндегі ұлағатты ойлар көркем әрі анық көшірілген еңбектермен танысуға болады. Расул Мохаммадхахтың сәндік өрнекке бейім болып келетін күрделі жазу мәнерін меңгеріп жүргеніне отыз жыл болыпты. Тамыры тереңде жатқан каллиграфия өнері негізінен таяу шығыс елдерінде үзілмей дамып келеді. Хас шебердің қолынан туған туындылар отанынан бөлек, сырт мемлекеттерде аса сұранысқа ие. Суретші негізінен исламның дәстүрлі мәдениетін айшықты бейнелеудің насталик үлгісін кеңінен қолданады. Барған жерінде әсем жазуға қызығушылық танытқан жандарға ұзақ жылдар бойы машықтанған ісін үйретіп, шеберлік сабақтарын ұйымдастыруды жақсы дәстүрге айналдырған.  

РАСУЛ МОХАММАДХАХ, СУРЕТШІ-КАЛЛИГРАФ /ИРАН/:

 - Қазақстанға осымен екінші рет келуім. Мақсат - елдеріміз арасындағы мәдени сабақтастықты дамыта түсу. Бұл өте күрделі өнер. Үйренуден бұрын, қажетті материалдарды таңдау жағына көңіл бөлген жөн. Тарихына үңіліп, сурет салуға дейінгі қалыптасқан ережелерді ретімен әрі дұрыс орындау керек. Сондықтан каллиграфия өнеріне бірден ысылу мүмкін емес. Ұзақ уақытты қажет етеді. Шеберлік сабағына келген адамдарға негізгі деген ұғымдар және неден бастаған дұрыс болатыны жөнінде кеңес беремін. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер