Әлемге қазақ әуенін танытқан дарабоз сазгер! Елордада ұлы композитор Ғазиза Жұбанованың 90 жылдық мерей тойының құрметіне арналған концерт өтті. Көпшілікке танымал музыка майталмандары атақты отандасымыздың шығармаларын орындады. Әуезді кеште  Ғазиза Жұбанованың №1 ре минор ішекті аспаптар квартеті және әлемдік классика жауһарлары шырқалды. Ұйымдастырушылар Сметана, Шуман, Бородин мен Дворжактың туындылары бағдарламаға тектен-тек кірістірмегендігін айтады. Олардың барлығын ортақ тақырып – ескірмейтін романтикалық сарындар біріктіреді. Ерекше мәнерде тербелген сазды концертте еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері, Бағдат Әбілханов, Айсұлу Байкенова, Анар Камельинова және Евгения мен Ермек Құрманаевтар сынды шебер музыканттар өз өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің ықыласына бөленді.

БАҒДАТ ӘБІЛХАНОВ, «АСТАНА ОПЕРА» СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІНІҢ КОНЦЕРТМЕЙСТЕРІ:

 - Ғазиза Жұбанованың ішекті квартеті – романтикалық сарынға тұнып тұрған шығарма. Жан тебірентіп, жылы әрі жеңіл қабылданатын музыка. Жалпы, ұлы сазгердің шығармашылық қорында  класикалық жанрдың барлық түрлері қамтылған. Қай туындысын алып қарамасақ та, қазақ фольклоры айқын байқалып тұрады. Біртуар тұлғаның мерейтойында өнерсүйер қауымды ерекше әсерге бөлеу үшін арнайы бағдарлама құрдық.   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер