Танымал хореограф Уильям Форсайттың қойылымы тұңғыш рет қазақстандық көрермен назарына ұсынылды. «Астана Балет» сахнасында неоклассикалық хореографияның үздік туындыларының бірі «In the Middle, Somewhat Elevated» сахналанды. Балет экстремалды техника, тынымсыз қозғалыс пен ырғақты әуенге негізделген.

ВАЛЕРИЙ КҮЗЕМБАЕВ, ASTANA BALLET ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бұл қойылым балет өнеріне тың  серпін берді. Оны қоя отырып, біз өзіміздің труппаның қарым-қабілетін көрсетуді көздедік. Ал заманауи балет өнерін сүйетін жергілікті қауым осындай туындыны отандық өнер ошағында тамашалау мүмкіндігіне ие болды. 

Бұл балеттің премьерасы 1987 жылы Париж операсының сахнасында өтті. Форсайт балетінде артық декорация мен көзге түсер костюмдер жоқ. Алайда артистерден дәлме-дәлділік пен төзімділікті қажет етеді. Өз күштерін сынап, қимылдарын толықтай сезінуге жол ашады.

МУКАРАМ АВАХРИ, ASTANA BALLET ТЕАТРЫНЫҢ БАС БАЛЕТМЕЙСТЕРІ:

 - Балет өте күрделі. Оның хореографиясы артистерден мінсіз техниканы талап етеді. Эмоциялық тұрғыда да, күш-қуаты бойынша да асқан дайындық қажет. Бұл туынды кезінде классикалық балет пен заманауи хореография арасындағы шекараны айқын көрсетті.

«Астана Балеттегі» бірактілі балеттер кешінде көрермен назарына Джордж Баланчиннің «Серенадасы» мен Рубен Терранованың «Контрасты» балеті ұсынылды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер