Анкарада қазақстандық суретшілер Гүлмарал Тәтібаева мен Наталья Баженованың Friendship атты көрмесі өтті. Көпшіліктің назарына гобелен, кесте, ши тоқу мен киіз басу сынды аралас техникамен жасалған әртүрлі жанрдағы 50-ге тарта туынды ұсынылды. Шеберлер көрмеде көшпенділер өркениеті мен ұлы дала елінің мәдени құндылықтарын және халқымыздың өр-рухын көрсетуді мақсат еткен. «Өйткені бұл тақырып түбі бір түрік жұртына ерекше қызық»,-дейді отандық суретшілер. Сондай-ақ Қазақстанның әсем табиғаты бейнеленген туындылар да көрме төрінен табылды. Әсіресе, қайың ағаштарының қабықтарынан жасалған коллаж көпшіліктің ерекше ілтипатына бөленді. Шара аясында қазақстандық суретшілер қазақтың қолданбалы өнер түрлерінен шеберлік сабақтарын өткізді.

ГҮЛМАРАЛ ТӘТІБАЕВА, СУРЕТШІ:

 - Наталья екеуміздің техникаларымыз, ойларымыз әртүрлі болса да, бізді жұмыста бір символ біріктіреді. Ол – кеме символы. Кеме біздің өнерімізде қазақ қыздарының батылдығын, рухын білдіреді. Сонымен қоса, екі техниканы араластырып, осындай жаңа жоба алып келіп отырмыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер