Көшпенділер мәдениетінің көрінісі мен заманауи сәулет ғимараттарының бейнелері бір көрмеде тоғысты. Астанада суретші Рашид Құлбатыровтың «Көнеден жаңаға» атты жеке көрмесі ашылды. Экспозицияға қылқалам шеберінің 40-тан астам туындысы қойылған. Олардың бәрі автордың соңғы 3 жылдағы еңбегінің жемісі.  

РАШИД ҚҰЛБАТЫРОВ, СУРЕТШІ:

 - Жалпы өзім этнографияны өте жақсы көремін. Керемет қарапайымдылығымызбен, қонақжайлылығымызбен, қазақтың керемет көріністерін бейнелеймін. Және де қаланың архитектурасына өте көп мән беремін.

Рашид Құлбатыровтың еңбектері, негізінен, майлы және сулы бояумен орындалған. Экспозицияда табиғат көрінісі мен таулардың бейнесін жиі кездестіруге болады. Суретші ашық аспан астында олардың шағын нобайын жасап, кейін шеберханада ауқымды картиналарда бейнелейді.

ДИНА СМАЙЫЛҚЫЗЫ,  КӨРМЕГЕ КЕЛУШІ:

 - Суретіне қарап, мен өзімнің балалық шағымды, кішкентай кезімді бір сүйіспеншілікпен еске алып, сүйсіне қарап отырмын. Әр киіз үйді әркім өзінің талғамына қарай жинайды. Кішкентай ғана, сүйкімді, бір жанұяға арналған секілді. 

«Хас Санат» галереясында ерекше туындылар қарашаның 23-не дейін көрермен көзайымына айналмақ. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер