Пьеса мәтінін оқудан бастап дайын қойылымға дейін. Жастар театрының шығармашылық әлемінен сыр шертетін «Мен» және «Біз» атты егіз кітап жарық көрді. Өнертанушы-журналист Назерке Жұмабай 5 жыл бойы жас театрдың оқиғалары мен жетістіктерін қағазға түртіп жүрген. Соңғы жарты жылда осы жайлы кітап жазуға кірісіпті. «Мен» атты бөлімінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Нұрқанат Жақыпбайдың шығармашылық «мені» терең талданса, екінші бөлімде биыл 10 жыл толған «Жастар» театрының құрылу және қалыптасу жолы баяндалады. Театр репертуарындағы спектакльдерге сараптама жасалып, баға беріледі. Нақты дәйектерге сүйене талданып, таразыланады. «Алайда деректерді ғылыми емес, барынша көркем тілмен жеткізуге тырыстым», - дейді туынды авторы.

НАЗЕРКЕ ЖҰМАБАЙ, КІТАП АВТОРЫ:

 - Жалпы бұл театрға келуім мақсатты түрде, үлкен дайындықпен болды десем болады. Тек қана ойынды сырттай бақылап қана қоймай,  сахнаның арғы жағындағы шығармашылық процестердің ішіне үңіліп, режиссерлік ой сараптау, пьеса оқудан қойылымға айналғанға дейін аралықтағы процестің барлығы көз алдымнан өтті.

БЕКБОЛАТ ҚҰРМАНҒОЖАЕВ, РЕЖИССЕР, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

 - Негізі мұндай кітаптардың тарағаны дұрыс. Кітапты оқып отырған кезіңде сахнадағы таңғы сағат 9-дан түнгі сағат 9,10-ға дейінгі жұмыс толығымен сипатталып, көз алдыңнан өтеді. Сонда ғана шынайы өнер туады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер