Қонақжай қазақ халқының кеңпейілдігі мен ұлттар достығы. Кезінде елімізге жер аударылғандардың тағдыры суретші Болат Мекебаевтың қалам тербеуіне арқау болды. Елордада «Кездесуге дейінгі ұзақ жол» атты кітаптың таныстырылымы өтті. Жаңа туынды қазақстанға депортацияланған неміс отбасының өмірін баяндайды. Автор осылайша соқыр саясаттың кесірін татқандардың ортақ тағдыры жөнінде сыр шертеді. Сондағысы жергілікті халықтың сырын бүккен өзгені өзіндей көріп қарсы алуы, түрлі ұлттың бір шаңырақ астында бір мүддеге ұя білуі әңгіме өзегіне айналады. Жинаққа Болат Мекебаевтың «Таң атқаннан күн батқанға дейін» романы, «Кездесуге дейінгі ұзақ жол» повесі, «Шығыс аспаны» очеркі және таңдамалы өлеңдер топтамасы кірген. Сондай-ақ, танымдық шығарманың тұсаукесеріне жиналған қауым суретшінің кітапқа арнайы салынған графикалық картиналарымен таныс болды.

БОЛАТ МЕКЕБАЕВ, СУРЕТШІ, ЖАЗУШЫ:

 - Мен Рафаиль Шнель есімді адаммен таныстым. Ол кезде ол 86 жасқа келген қарт адам еді. Бірде ол маған отбасының департациялау кезіндегі құжаттары мен естелік қолжазбаларын көрсетті. Осыны негізге алып кітап жаздым.  Германияда тұрып жатқаныма 20 жыл болды. Сондықтан туған қазақ халқым жайында айтылған әңгімелері қатты ұнады. Бүгінгі ұрпаққа ұлттар достығы сабақ болсын деп өмірден алынған оқиғаны қағаз бетіне түсірдім. 

Кітаптың таныстырылымы Мәскеу, Көкшетау, Петропавл Астана және Алматы қалаларында өтті. Автор ендігі кезекте туындысын неміс тіліне аударып, Германия мен еуропалық оқырмандарға таратсам дейді.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер