Нұржамал Үсенбаеваның орындауындағы дәл осы «Қыз Жібек» операсының «Гәкку» ариясын либретто авторы Ғабит Мүсірепотың өзі кезінде жоғары бағалаған. Сол уақыттан күміс көмей әншінің жеке концерттері ұлттық өнердің осынау жауһарынсыз өтпейтін болды. Елордада Қазақстан мен Татарстан халық артисі Нұржамал Үсенбаеваның шығармашылық кеші өтті. Бірқатар халықаралық және мемлекеттік сыйлықтардың иегері тыңдармандарын репертуарлық қорындағы жаңа әндерімен қуантып, ескі туындылардың әуезділігімен сусындатты. Бағдарламада қазақ халық әндерімен қатар әлемдік классикалық шығармалар шырқалды. Опера әншісінің концертіне өзге де сахналас әріптестері ортақтасып көрерменді өз өнерлерімен тәнті етті.                                           

НҰРЖАМАЛ  ҮСЕНБАЕВА,  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ АРТИСІ:

– Алда жоспар көп. Жақында сүйікті қалаларымның бірі -Қазанға гастрольдік сапармен барып қайтпақпын. Татарстанмен 15 жыл бойы шығармашылық әріптестік құрып, осы елдің Халық артисі атандым. Жеке көнцерттік бағдарламаммен ел аралау көзделіп отыр. Кейін Еуропа мемлекеттерін тағы бір шарлап өтсем деген ой бар.   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер