Mezzo вокалдық тобы Нью-Йоркте өнер көрсетті

Нью-Йоркте қазақстандық  Meццo вокалдық тобының талантты әншілері өнер көрсетті. Олар әр түрлі елдердің танымал әуендерін және қазақ композиторларының шығармаларын орындады. Көрермендер білетін әуендерін бірге айтып, қошеметтерін аямады. Ал, қазақтың «Дударай», «Көзімнің қарасы» әндері келушілердің көңілін босатып, таңдай қақтырды.