Киев тұрғындары мен конақтары бір күнде 35 мемлекеттің төл мәдениеті, сан алуан салт-дәстүрімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Украинада Дүниежүзі халықтары мәдениетінің фестивалі өтті. Шараға қатысқан Қазақстан өзінің мәдени жетістіктерін, ұлттық киімдерін, кәдесыйларын ұсынып, таңсық тағамдарынан дәм татқызды.

СВЕТЛАНА ХУДАБАЕВА, ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 - Мен үшін Елшіліктің бізді ұмытпай осындай шараларға шақыруы өте маңызды. Тек өзім ғана емес, қасымнан қалдырмай балаларымды да ертіп келемін. Олар осы жерде өскеніне қарамастан, еліміздің салт-дәстүрін көрсетемін. Бұдан бөлек диаспорада өзара өтетін іс-шаралар бар. Барлық мейрамды отбасыммен атап өтемін. Елшілік жанынан ашылған үйірмеде қазақ тілін үйреніп жүрмін.

Фестивальдағы Қазақстанның экспозициясы көрермендер арасындағы ең танымалы болды. Қонақтар бауырсақтар мен тәттілерден дәм татып, Қазақстанның әдебиетімен және ұлттық өнерімен танысуға құштар.

ДАРЬЯ КАРЯКИНА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

 - Адамдардың бір-біріне сый құрмет үшін келгеніне дән ризамыз. Бүгін қазақстандық стенд ең әсерлісі екен. Қазақстанның Елшілігі қонақтарға тәттілер мен ұлттық тағамдарын ұсынып жатыр. Сондай-ақ, әдебиеттер көрмесі де қойылыпты.

Фестивальдің ерекше символы – «құндылықтар бақшасы». Қонақтар оны ізгі тілектер жазылған қағаз жапырақтармен безендірді. Осының өзі баға жетпес басты құндылық халықтар достығы мен бірлігі екенін айқын аңғартып тұр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер