«Жанарымдағы жалғыз әуен». Жастар театры осылай аталатын қалалық театр фестивалімен жаңа маусым шымылдығын түрді. Елорда тұрғындары аталмыш фестивальде 25 қазан мен 1 қараша аралығында өнер ошағының ең үздік қойылымдарын тамашалай алмақ. Театрдың ХІ маусымы 10 жылдық мерейтоймен ашылып отыр.

НҰРҚАНАТ ЖАҚЫПБАЙ, ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

 - Біз көптеген шақырулар аламыз шет елге. Бұл 10 жылда біздің үлкен табысымыз деп есептейміз. Қазақ классикаларын, әлемдік классикаларды жастардың тілімен сөйлетуге тырысамыз. Яғни көп сөзге емес, көп әрекетке құрылған. Көп монологтар жоқ.

Мерейлі маусым Әбіш Кекілбаевтың «Нартәуекел» қойылымымен бастау алды. Бұл – Абылай хан жайлы халықтық қаһармандық драмалық дастан. Ел ішіндегі алауыздықты тыйып, асқақ арман мен ұлы мұрат жолына келу асқан даналық пен кемеңгерлікті талап етеді. Қойылымда батыр бабамыздың ұран еткен азаттық пен ұлттың біртұтастығы жайлы баяндалады. Әрдайым дамып, көркейіп келе жатқан жас театрдың әр қойылымында зал көрерменге лық толы.

АЙБОЛАТ СЕКСЕНБАЕВ, Қ.ҚУАНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Қазақ театры өнері саласындағы айрықша жолы бар, мақсаты бар, бағыт-бағдары анық және де мұндағы актерлер өте еңбекқор, күні-түні жұмыс жасайтын актерлер жиналған деп білемін. Мен де 2 жылдай жұмыс істеген болатынмын. Бұл театр мен үшін де ыстық.

Гогольдің «Ревизоры», Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясы, Әбіш Кекілбаев пен Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын біріктіре туындаған «Шыңғысхан» қойылымы, қырғыз драматургы Сұлтан Раевтың «Меккеге қарай ұзақ жол» философиялық туындысы театр репертуарының алтын қоржынында. Көрерменнің зор ықыласына бөленген. Жаңа маусымда театр ұжымы өнерсүйер қауымды әлі де таң қалдырмақ. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер