Елордада танымал мексикалық суретші Роджер фон Гунтеннің жеке көрмесі ашылды. Ұлттық музейге шетелдік қылқалам шеберінің «Жұмақ» атты топтамасының  20-ға тарта әлемге әйгілі жұмысы қойылды. Туындылардың дені тропикалық көк шалғынның, күн мен құмның, көк теңіздің табиғи түстеріне қанық. Өйткені автор адамзат пен табиғаттың үйлесімдік тапқан таңғажайып қиял  әлемін бейнелеуге құмар. Бұл бағытта өзіндік қолтаңбасы мен жеке кескіндемелік тілін қалыптастырып жүргеніне жарты ғасырдан асыпты. Суретші саналы ғұмырын осы мәнерге арнағанымен, ескірмейтін еңбектердің тақырыбы мен стилі заман талғамайды, дейді мамандар.

АҚНҰР ҚУАНДЫҚОВА, ӨНЕРТАНУШЫ:

 - Роджер фон Гунтен заманауи мексика өнерінің дамуына зор үлес қосқан суретші. Ол  ХХ ғасырдың 60 жылдары «Жарылыс» деп аталған толқынның белді суретшісі. Бұл толқынның суретшілері соғыстан кейінгі жылдары догматикалық және формалық дәстүрлерге қарсы шығып әлемдік үрдістерге бет алған кезең.

Роджер фон Гунтеннің шығармалары әлемге жақсы таныс. Кескіндемеші түрлі елдерде 200-ден астам көрме өткізіпті. Ал Ұлттық мұражай бұл еңбектермен жергілікті өнер сүйер қауымды таныстыру үшін Қазақстандағы Мексика Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырған. Игі шараға аталмыш елдер арасындағы ынтымақтастыққа 25 жыл толуы мұрындық болып отыр.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер