«Астана Операдағы» бесінші маусым шымылдығы «Ұйқыдағы ару» балетімен ашылды. Пётр Чайковский балетінің оқиғасы негізінде Шарль Перроның аттас ертегісі жатыр. Алайда заманымыздың атақты балетмейстері Юрий Григорович балет қойылымына жаңа көзбен қараған. Ол осыған дейінгі балалар ертегісі мен ойын-сауыққа толы көрініс орнына Чайковскийдің музыкасына сай көркем поэма ұсынды. Айту керек, «Ұйқыдағы ару» балеті «Астана Операда» сахналанған тұңғыш туынды. Балет осыдан 4 жыл бұрын театрдың алғашқы маусымын ашқан болатын.

МӘДИНА БАСБАЕВА, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ СОЛИСІ:

 - Кішкене өзгерістер бар. Өйткені біз бірдей билей алмаймыз. Уақыт жылжиды. Мұғалімдер бізбен басқаша жұмыс істейді. Спектакльде техникалық қимылдар қиындау.

Нәзік Аврораның партиясын Мәдина Басбаева мен Әйгерім Бекетаева орындаса, Дезире ханзаданы Еркін Рахматуллаев пен Таир Гатауов сомдады. Бұл жолы қойылым театрдың дарынды әртісі Серік Нақыспеков үшін дебют болды. Ол ханшайым Флоринамен бірге көгілдір құстың па-де-десын орындады.  

СЕРІК НАҚЫСПЕКОВ, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ СОЛИСІ:

 - Ең қиыны – ылғи құстың суретін көрсету керек. Құстың қанаттарын қолмен көрсетіп жүру керек. Майда техника жағы қиын.

РАУШАН ЫСҚАҚОВА, ТЕАТРДЫҢ КОСТЮМ ЦЕХІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Екі жүз жиырма костюм тігілді. 120-дан астам балеттің әртістері қатысты. 3 айдың ішінде жасалды. Декорация, костюм тігу, жартысында Италияда, жартысын осында тіктік.

Жаңа маусымда театр көрермендерін талай тарту күтпек. Өнерсүйер қауымға «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» мен «Корсар» премьераларын ұсыну жоспарлануда. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер