Арал қасіреті бір кадрмен. Астанада Досжан Табылдының «Теңіз» атты бейнетуындысының тұсаукесері өтті. Онда этно-фольклор элементтері бар балеттік номер орындалады. Ал би сахнасы бұл жолы сәнді театрда емес, құрғаған Арал теңізінің түбінде. Бейнебаян мен би қойылымы – Тұңғыш Президент қоры премиясының лауреаты Досжан Табылдының идеясы. Клиптің басты ерекшелігінің бірі – нон-стоп режиміндегі түсірілім.

ДОСЖАН ТАБЫЛДЫ, БАЛЕТ АРТИСІ:

 - «Теңіз» клипының идеясы күтпеген жерден туындады десем болады.  45 градус аптап ыстықта 2 тәулік бойы түсірдік. Күшіміз таусылып, құлаған кездеріміз де болды. Алайда ұлттық музыкамыз ерекше қуат беретіндей. Қайта көтеріліп, биді жалғастырдық. Клипте классикалық балетпен қатар, заманауи билердің де элементтері бар.

Туындының ерекше идеясы мен хореографиясына ІХ ғасырдағы Қорқыт атаның атақты «Қоңыр» күйі толғаныс қоса түседі. Осы клип үшін туындының арнайы өңдеуі жасалған.

АҚЕРКЕ ТӘЖІБАЕВА, ҚОБЫЗШЫ:

 - Күйге өңдеу жасатып, арнайы осы клип үшін жаздырылған болатын. Студияда көркемдеп, әдемілеп, осындай дүние шығардық.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер