24 өрімдік жуан қамшы, алып арқардың бас сүйегі, 100 қойдың еті сиятын қазан – мұның барлығы Қытайдың Ақсай қаласындағы қазақ ұлттық музейінде тұр. Тіпті, бұл мұражай Қытай аумағындағы ең үлкені деп мақтанады Мұратбек Құсанұлы.

МҰРАТБЕК ҚҰСАНҰЛЫ, АҚСАЙ АУДАНДЫҚ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Мұражайдың көлемі 3200 шаршы метр. Бұл біздің Ақсай ұлттық қазақ мұражайы - Қытайдағы ең үлкен қазақ мұражайы саналады.

Музейдегі ең құнды заттың бірі – Гиннестің рекордтар кітабына енген мына сырмақ. Оны екі шебер бес ай бойы тіккен. Ұзындығы - 60, ені 2,5 метр. Сырмақтың шетіне 56 кептер мен гүл кестеленген. Бұл Қытайда тұратын 56 ұлттың татулығын бейнелейді.

МҰРАТБЕК ҚҰСАНҰЛЫ, АҚСАЙ АУДАНДЫҚ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МҰРАЖАЙЫ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Әсіресе арғы жағында біздің көсеміміз Мао Цзедун ұлттар ынтымағын дәріптеп, алға басып келе жатқан көрініс.

Салмағы 40 келі, бір мүйізінің өзі 147 см асатын дүниедегі ең алып құлжаның бас сүйегі де осында. Музейдің ауласында зәулім кигіз үй орналасқан. Ақсайлық үгіт бөлімінің қызметкері Сәрида Құсыманқызының сөзінше, 1998 жылы кірпіш пен темірден тұрғызған ғимараттың Азияда теңдесі жоқ.

ЕРҚАНАТ НҮСІПҰЛЫ, АҚСАЙ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ДЕНЕТӘРБИЕСІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Қазір мына сөз алдымыздағы мына нәрсе біздің 2013 жылы жасаған дүниежүзіндегі ең үлкен «көміш» болады. Бір жолында 100 қой, әйтпесе 100 қозыны қақтап дастарханға шығарғанбыз.

Жалпы Қытай қазақтары жиі рекорд жаңартады. Бұған дейін  он мың адам қара жорға билеп таң қалдырса. Одан кейін он мың домбырашы күй тартып рекорд орнатты. 1111 метрлік ең ұзын қазы аударған да Қытайдағы қандастар. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер