«Астана опера» сахнасында ескі бароккодан рокқа дейінгі музыка шырқалды. Театрдың үлкен залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Абзал Мұхитдиновтың жетекшілік етуімен симфониялық оркестр өнер көрсетті. Көрермен қауымға Николай Римский-КОрсаковтың атақты «Шехерезадасы» ұсынылды. «Мың бір түн» музыкалық ертегісі тыңдарманды Шығыстың сиқырлы да жұмбақ әлеміне жетеледі. Астор Пьяццолланың «Буэнос-Айристегі жылдың төрт мезгілі» туындысы да кеш бағдарламасына енген. Белгілі музыкант, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов пен халықаралық байқаулардың лауреаты Айсұлу Бәйкенова жеке партияларды орындады.

АБЗАЛ МҰХИТДИНОВ, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ  ДИРИЖЕРІ:

 - Үш ғасырдың музыкасы орындалады. Барокко дәуіріндегі Вивальдидің «Жыл мезгілдері», скрипкамен оркестрге арналған 4 концерт. Моцарттың «Оркестр мен волторнға арналған концертін Марат Конысбаев орындайды. Сондай-ақ «Әйел хош иісі» Карлос Гардельдің музыкасы орындалады.

Рок музыканы сүйетіндер үшін де бұл кеште тосынсый жасалды. «Queen» және «The Comets» топтарының атақты әндерінің әуені шырқалды. Түрлі талғамға сай әзірленген музыкалық бағдарлама театрдың симфониялық оркестрінің жоғары орындаушылық шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер