Қазақ гуманитарлық заң университеті кітапханасының қоры толыға түсті. Александр Солженицын Үйі аталмыш жоғарғы білім ордасының игілігіне 300-ге жуық кітап тарту етті. Бұл Қазақстан мен Ресейдің достық қарым-қатынасының енді бір жарқын белгісі дейді, игі істі қолға алушылар. Ұстаздар қауымы мен шәкірттердің пайдалануына негізінен орыс халқының көркем әдебиеті, сөздіктер мен оқу әдістемелік құралдар берілген. Сондай-ақ тарих, философия мен мәдениет, өнер салаларына қатысты басылымдар бар. Университет ұжымы бұл құнды еңбектер жіктеліп, арнайы орынға жайғастырылатынын айтады. Тырнақалды туындылар студенттермен қатар, кітапханаға келушілердің барлығына қолжетімді болмақ.   

СВЕТЛАНА РОМАНОВА, А.СОЛЖЕНИЦЫН ҮЙІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАЛАР ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

 - Елдің басты стратегиялық серіктесінің мәдениеті мен тарихын білу екі жақты қалыптасқан ынтымақтастықтың аясын кеңейте түсетіні анық. Бір-бірімізді тану арқылы сауда-экономикалық, саяси, мәдени байланыс тереңдей береді. Елдеріміздің әріптестік әлеуеті зор. Сондықтан достығымызды нығайтатын әр мүмкіндікті пайдалануымыз керек. Қашанда кітап ең бағалы сый саналады. Сондықтан осындай игі шараны ұйымдастыруды қолға алдық. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер