Алғашқы нотасынан-ақ көпшілік ұйып тыңдап, ел аузынан түспей жүрген ескірмейтін әндер. Елордада жанды баураған романс кеші өтті. Поэзия мен әсем саз үйлесімді үндестік тапқан танымал романтикалық балладалар опера солистерінің орындауында шырқалды. Бағдарлама барысында романс жанрының алуан түрлілігі паш етілді. Кешке көптің жүрегін жаулаған күміс ғасыр ақындарының шығармашылығы арқау болды.

НАЗЫМ САҒЫНТАЙ, ОРЫНДАУШЫ:

 - Романста ең бастысы сөзді, ойды халыққа шынайы жеткізе білу, соны түсіндіре білу. Және әрине, оны дауыспен де шығарманың көңіл-күйін барлық мінезін ашу - ол әншілердің, яғни біздің міндетіміз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, соңғы кездері ел жастары лирикалық жанрға бет бұра бастаған. Кейінгі толқын әсіресе махаббат пен адалдық тақырыбына аса ынта танытатын көрінеді. Сондықтан бағдарлама әр буынды қызықтыратындай етіп құрылған. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер