Елордада сән индустриясының соңғы жаңалықтары паш етілді. Бас шаһар отандық және шетелдік сән серкелерінің басын қосқан кезекті «Beauty Expo Astana» мамандандырылған халықаралық көрмесінің қатысушыларын қарсы алды. «Адам көркі – шүберек» деген сөз бар. Дәстүрлі шара дизайнерлік киім үлгілерінің көрсетілімімен ашылды. Шымылдықты балалар топтамасы түрді.

ЖАНАР СӘРСЕНОВА, ДИЗАЙНЕР:

 - Біз 3 жастан 16 жасқа дейінгі балалар киімін тігумен айналысып жүрміз. Бүгінгі көрсетілімге күзгі топтамамызды алып келдік. Бұл биылғы жылдың соңғы жұмыстары. Жалпы біз күнделікті және сәндік киім-кешек дайындаймыз. Бұндай шаралар ел нарығына шығып, көпшілікті жасап жатқан ісімізбен таныстырудың таптырмас жолы.   

Жалпы бұл жолы 10 елдің сала мамандары өзіндік ұлттық ерекшелігімен көмкерілген топтамаларымен көзге түсті. Мұнда сәнқойлардың талғамы мен таңдауына сай киімнен бастап, көздің жауын алатын әшекей бұйымдар мен сәндік косметиканың түр-түрі ұсынылды. Сондай-ақ, көрмеде сән әлеміндегі озық технологиялар мен қызмет түрлері таныстырылып, оқыту семинарлары мен шеберлік сабақтары өткізілді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер