Астанада Әділғали Баяндиннің «Суретші көзімен» атты жеке көрмесі ашылды. Экспозицияға елуге жуық туынды қойылған. Автордың «Аңшы», «Аламан бәйге», «Қарақұм» сынды картиналары көрермен көзайымына айналды. Өз туындыларында Әділғали Баяндин алып батырлар тұлғасын, аңшылар, құсбегілер, күйшілер, ақындар мен көшпенділер өмірін көрсететін сырлы әлемді бейнелейді. Көрмені тамашалауға келгендер сол дәуірге сапар кешкендей күйде болды.

ӘДІЛҒАЛИ БАЯНДИН , ҚР СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 - Өзімнің жеке көрмемде болашақ картиналарымның да нобайларын қойдым. Негізінде, біз дайын туындыларға қараймыз. Ал мынадай жұмыстар көзден тыс қалады. Мен оларды безендірдім. Акварельмен жұмыс жасау оңай емес. Бұл картиналарды салу кезінде мен қарындашпен нобайын жасамадым. Бірден қылқаламды қолдандым.

Қазіргі таңда қылқалам шеберінің еңбектері Қазақстан, АҚШ, Германия, Корея, Балтық елдері музейлері мен жеке коллекцияларда кездеседі. Әділғали Баяндин – көркемсурет өнерінің шебері ғана емес, дизайнер, кітап иллюстрацияларының, мазарлар жобасының авторы. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер