Астанада өнердің түрлі жанрын біріктірген «iVIRTUOSi» жобасы ұйымдастырылды. «Өнер – жанның тілі» бағдарламасы бірден үш бағытты қамтыды. Жобаға әдебиет  те, көркемөнер де, классикалық музыка да енген. Чайковский, Брамс, Григ, Шуберт сынды атақты әлемдік композиторлардың туындылары орындалды. «Жобаны ойластырғанда Шубертиана идеясына сүйендік», - дейді ұйымдастырушылар. Сонымен қатар, кеш барысында музыкалық шығарма болсын, өлең шумақтары болсын тарихмен бірге баяндалды. 

АЛМАС БАЙҒОЖИН, МУЗЫКАНТ:

 - Классикалық шығармалар орындалады. Қазақша шығармалар орындалады. Квартетке келетін болсақ, «Balm» квартеті Григтің квартетін орындайды. Барлық өнердің аспектілерін алып, бір кеште көрсетеміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер