Қостанайда «Қазақ хандығы және тарихи аңыздар» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Әз Жәнібек ханнан бастап, Кенесарыға дейінгі кезеңді қамтыған еңбектің авторы – жергілікті ғалым Алмасбек Әбсадық. «Автор бұл монографиясында үш жүзге тарта дереккөздерін пайдаланған. Жиналған мағлұматтар негізінде өзіндік пайым жасап, тың пікірлер айтады. Мұрағат құжаттарымен ауыз әдебиетін салыстыра отырып зерделеген еңбектің жалпы оқырманға әсіресе, филологтар мен тарихшы мамандар үшін берері мол»,-дейді тұсаукесерге жиналған алғашқы оқырман. Кітап «Рухани жаңғыру» шеңберінде мемлекеттік тапсырыспен бес мың дана таралыммен жарық көріп отыр.

АЛМАСБЕК ӘБСАДЫҚ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

- Қазақтың аңыздары – халықтың рухани байлығы, сол рухани байлықтан халқымыздың басынан өткен тарихын, олардың аңсаған армандарын, көксеген мұраттарын іздеп, соған үңіле аламыз. Сол арқылы еліміз нені аңсағанын, нені көксегенін біле аламыз, міне, осы тұрғыдан келгенде, монография тарихи шындықтың аңыздармен қарым-қатынасын, аңыздардың жанрлық ерекшеліктерін, көркемдік белгілерін ашуға құрылған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер