Сахна төріне шыққан өнер иелері Чайковскийдің романстарынан бастап әлемге әйгілі классиктердің танымал туындыларын тамылжыта орындап, көпшіліктің көңілін көтерді. Құлақ құрышын қандырар әсем әндер мен әуендер талғампаз тыңдарманды бірден баурап, өнер сүйер қауымға қайталанбас сезім сыйлады. Азамат Жылтыркөзов, Тимур Орманшеев, Еркебулан Сапарбаев, Мұрат Нарбеков сияқты белгілі музыканттар Қазақстанның 40-тан астам қаласын аралап, қайырымдылық концерттерін берді.

АЗАМАТ ЖЫЛТЫРКӨЗОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

- Қазақстан бойынша 7 жылдан астам бұл жоба өтіп жатыр. Соның ішінде 50 – ден астам үлкен қалалар, кіші қалаларды, аудандарды аралап келе жатырмыз. Әрдайым әр қалаға барған кезде концерттік бағдарлама ауысып отырады. Көреремендер өте сондай талғамы жоғары, өнерді өте бағалайтын жақсы көретін көрермендер көп екен.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер