«Астана Опера» театры  гастрольдік сапармен Оман елінде болып қайтты. Қазақстандық өнер ұжымы  қыркүйектің 28-і мен 30-ы аралығында  корольдіктің опера театрында өнер көрсетті. Балет труппасы әлемдік классика жауһары Петр Чайковскийдің «Аққу көлі» спектаклін сахналады. Аққулардың жас ханшайымы партиясын Мәдина Басбаева мен Әйгерім Бекетаева орындаған. «Астана Опера» театрының ұжымы Оманға корольдіктің опера театрының арнайы шақыруымен барды. Айта кетейік, қазақстандық театр 20-шы қазанда мерейтойлық бесінші маусымын ашады. Жаңа маусымда Жорж Бизенің «Кармен» операсының премьерасы жоспарланған.

ТӨЛЕУБЕК ӘЛПИЕВ, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Оманға барып келгені бұл - Президенттің мақаласы «Рухани жаңғыру» деген. Осы мақаланы іске асыру. Бұл жай гастроль емес. Жасырын емес. Бір жаққа шақырса бүкіл шығындар бізден болатын. Оман болса бүкіл шығындарды өздеріне алды. Ол жақта Англия, Америкадан келіп өнер көрсетеді. Барып келгеніміз бізге жақсы. 2019-2020 жылға тағы шақырып жатыр Оман елі. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер