Танымал қазақ ғалымы Немат Келімбетовтің еңбегі әзербайжан тіліне аударылды. Бакуде өткен бесінші халықаралық кітап жәрмеңкесінде туындының таныстырылымы болды. «Түркі халықтарының көне әдеби ескерткіштері» монографиясы – эпостар мен дастандар құрылымын, ежелгі қазақ мәдениетін жан-жақты зерттеген еңбек. «Мұндай құнды еңбекке аударма жасау оңайға соқпады»,-дейді Фаик Худанлы.

ФАИК ХУДАНЛЫ, АУДАРМАШЫ:

 - Кітапта түркі халықтарының дастандары мен танымал тұлғалар жайында энциклопедиялық мағлұматтар берілген. Шығарманы аудару үшін 1 жыл уақыт кетті. Тіпті, 20-ға жуық дереккөзін зерттедік. Себебі, туындыда түркі халықтары жөнінде тарихи ақпарат қамтылған. Сондай-ақ, қазақ тілінде өлең жолдарымен жазылған үзінділер  көптеп кездеседі. Шығарманың мазмұнын жеткізу үшін қазақ тілін үйренуге де тура келді. Бірақ біздің тілдерімізде ұсастық көп. Сондықтан аудармадан ләззат алдық.

ЧИНГИЗ АЛИОГЛУ, АҚЫН:

 - Бұл Немат Келімбетовтің Әзербайжанда шығарылған үшінші кітабы. Шығармада түркі халықтарының тарихи байланысы мен мәдениеті жөнінде ақпарат берілген. Ғалым атақты ойшылдардың  ғылыми және шығармашылық мұраларын да мұқият зерттеген.

Кітап авторлары туындының зерттеушілерге тигізер пайдасы мол деп отыр. Әзербайжандық оқырмандар кітапті жуырда дүкен сөрелерінен таба алады. Ал, әзірге елдегі барлық кітапханаларға таратылды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер