Сыр бойында «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты фольклорлық музыкаға арналған халықаралық фестиваль өтті. Алыс-жақын шетелден жиналған 80-ге жуық орындаушы мен фольклортанушылар ғылыми-теориялық конференцияда бас қосты. Түркия, Қырғызстан, Әзербайжан, Моңғолия, Қытай, Ресей, Белоруссия, Ұлыбритания және АҚШ-тан арнайы келген меймандар дәстүрлі өнер бойынша заманауи зерттеулерді талқылап қана қоймай, түркі әлемі елдерінің этно-шығармашылығының кемшін тұстарын да ортаға салды. Екі күнге созылған шараның жабылу кеші Қорқыт ата мемориалды кешеніндегі амфитеатрда өтті.

ИГОРЬ МАИСЕЕВСКИЙ, КОМПОЗИТОР /РЕСЕЙ/:

 - Осыдан 1,5 мың жыл бұрын орындалған шығармалардың әлі күнге дейін бояуы кетпеген. Ол музыкалық болсын, жыр мен күй болсын керемет, өз күйінде сақталған дегім келеді. Қорқыттың шығармашылығы – ұлы мұра. Ол адамзат баласына үлкен жауапкершіліктер жүктейді. Оның аясын кеңейту керек деп ойлаймын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер