Алматыда қолөнер шеберлерінің бірегей орталығы ашылды. Жергілікті ісмерлер енді «Qazaq-Oner» деп аталатын орталықтан орын таба алады. Орталық шеберхана мен дайын өнімді саудалайтын дүкен сияқты екі бөлімнен тұрады. Қазір мұнда жеті қолөнер шебері жұмыс істейді. Бірі темірден түйін түйсе, екіншісі ағаштан ою ояды. Дінмұхамед Беласар бұл орталықты шеберхана мен дүкен сөресінің жалдау ақысы арзан болғаны үшін таңдапты.

ДІНМҰХАМЕД БЕЛАСАР, АҒАШ ШЕБЕРІ:

 - Қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтарын шығарамын. Астаулар, қымыз құйғыштар шығарамын. Әпкеммен бірге осы ювелирмен айналысып жатырмын. Екеуін де бірге алу аса қатты қиын емес.

Жаңадан ашылса да, дүкен сөрелері әшекей-бұйымдарға лық толы. Жиырма бестен аса шебердің қолынан шыққан мыңға жуық туынды қойылған.

АЙГҮЛ ЖАНСЕРІКОВА, «ҚАЗАҚӨНЕР» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Мына жерде өте жақсы, қолайлы, бәріміз бір ортада отырамыз. Жұмыстарымызды бірге дамытамыз. Бірімізге біріміз көмектесеміз. Көп мәселені бірігіп шеше аламыз. Сондықтан бізге бір жерде отырған өте қолайлы.

Орталықта шеберлік сабағы жұмыс істейді. Қолөнерге қызыққан әр адам тегін дәріс алуына болады. Бұл жолы шеберлер қала тұрғындарына киіз үйді бұзып, қайта тігу әдісін үйретті. Ал, шахматты жақсы көретіндерге «ҚазШахМат» заманауи ойын түрі көрсетілді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер