«Астана опера» балетінің ұжымы Оманның астанасында «Аққу көлі» спектаклін сахналады. Маскат сұлтандығының опера театрында ине шаншарға жер болмады. Астаналық артистердің өнерін тамашалауға дипломаттар, жергілікті зиялы қауым, әлем балетінің жұлдыздары да келді. «Астана опера» Оманға атақты «Аққу көлі» қойылымын жаңа хореографиялық түзетумен алып барған болатын. Авторы - балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова. Спектакльде басты ролдерді – Мәдина Басбаева мен Әйгерім Бекетаева ойнап шықты.

МАРА ГАЛЕАЦЦИ, ЛОНДОН КОРОЛЬДІК БАЛЕТІНІҢ ПРИМАСЫ:

 - Өте тамаша қойылым. Олар сахнаға шыққанда әртістердің жауқазындай жастығына таңқалдым. Жас труппаның мұндай қиын қойылымды кәсіби әрі соншалықты әдемі суреттеп шығуы мойындатпай қоймайды. Олар шынымен кәдімгі аққулардай! Бұл көркемдік жетекші Алтынай Асылмұратованың үлкен жетістігі. Көрермендерге де ұнаған секілді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер