Қазақстан Сеулде өткен Алтай мәдениетінің фестиваліне қатысты. Кванхвамун алаңында шағын ауыл қанат жайды. Онда киіз үй құрылып, Сеулдің тұрғындары қазақи салт-дәстүрмен танысты. Сондай-ақ, көшпенді халықтың жесе тамағына, мінсе көлігіне айналған тұлпарға мініп көру мүмкіндігіне ие болды. 

Фестиваль аясындағы конференцияда ғалымдар түркітілдес және корей халықтары бір біріне туыс екендігін дәлелдейтін деректер ұсынды. Ал, ғылыми зерттеулердің басым бөлігі шығу тарихы Алтай өңірінен бастау алған корейлерге арналған екен. Олардың мемлекеттік тілі Орал-Алтай тілдері тобының құрамында. Сондай-ақ, табылған археологиялық ескерткіштерге қарап, Қазақстан аймағында да мекен еткен деген болжамдар айтылды.  

ҚРЫМ АЛТЫНБЕКОВ, ҒЫЛЫМИ-РЕСТАВРАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА ЖЕТЕКШІСІ:

 - Ерте уақытта табылған кісе белдік осында, солар ұқсас. Өйткені тамыры бір болғаннан кейін бір біріне ұқсайды. Түпнұсқасы Алтай жақта жатыр.

ХАНДЕ КАВАРНАЛИ, ЗЕРТТЕУШІ /ТҮРКИЯ/:

 - Форумның мақсаты – орал-алтай тобына кіретін халықтардың арасындағы байланыстарды зерттеу. Алдағы уақытта бұл жұмыспен профессорлар және қазақстандық реставратор Қырым Алтынбеков айналысады. Осындай фестивальді дағдыға айналдырып, дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз.

Оңтүстік Кореяда өткен форумға қатысушылар өзара ынтымақтастықтарын одан әрі жалғастырады.  Бұл бастама «таңғы самал елі» аталып кеткен мемлекет үшін өз тарихын зарттеуге, түркітілдес елдермен мәдени-экономикалық байланысын күшейтуге бағытталып отыр. Сондай-ақ, Алтайға баратын корейлік туристердің санының артуына үлкен мүмкіндік береді.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер