Бакуде Қазақстанның халық артисі Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылық кеші өтті. Мәдени шараға достастық клубының мүшелері, «Қазақстан-Әзербайжан» достық ұйымы, зиялы қауым өкілдері, отандастарымыз бен студенттер қатысты. Ширек ғасырдан астам уақыт бойы әнсүйер қауымның жүрегіне жол тапқан халық әртісін көрермендер ыстық ықыласпен қарсы алды. Кеште түркі мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін Ескендір Хасанғалиевқа арнайы төсбелгі табысталды.

ФАТИМА ДУРСУНОВА, БАКУДЕГІ А. ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Ескендір Хасанғалиевтің «Асыл арман» атты әнінде «мен сенің құдіретіңді  түсінбедім» деген жолдар бар. Бүгінде біз сияқты шет елде тұратын қазақстандықтар елдің қадірін түсініп жүрген жайымыз бар. Әнде айтылғандай, Қазақстан - менің жүрегім, менің өмірім.

ЕСКЕНДІР ХАСАНҒАЛИЕВ, ҚР ХАЛЫҚ АРТИСІ:

 - Бұл кездесу маған үлкен қуаныш сыйлады. Өз шығармашылығым арқылы әзербайжан халқымен етене жақын танысуды армандап жүр едім. Бүгін сол мақсатым орындалды. Әндерімді шын жүректен орындадым. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер