Қазақтың сырмағы, түс киіздері керемет ою-өрнектерге бай. Бұл сәндік қана емес, терең пәлсапалық мәні бар дүние». Бұл – қазақтың қолөнерін зерттеп жүрген жапон ғалымының пікірі. Шиеко Хирома Токиоға жақын жердегі Ханатава ауданынан келген. 10 жыл бұрын қазақтың ұлттық қолөнерін зерттеуге кірісіп,  Моңғолияда 2 жыл тұрған. Сонда жүріп тілді де меңгерген.

ШИЕКО ХИРОМА, ҒАЛЫМ-ЭТНОГРАФ /ЖАПОНИЯ/:

 - Мысалы қошқармүйіз оюы бар. Сол оюлардың көп пайдасы бар.  Бізге бақыт бол , үйлеріне жақсылық болсын деп сол үшін қойдың мүүйізін тігу керек деп маған айтып берді. Сондықтан Қазақстандағы оюлардың көбі үй адамдары туралы ойлап, үйлері туралы сезініп сөйтіп тігеді деп түсіндім.

Шико Хироманың бұл Қазақстанға алғашқы сапары емес. Екі жыл бұрын Шымкентте болып, сырмақ сырын зерттеген. Ал алматылық қолөнерші Гүлнар Сейжанмен ғаламтор арқылы танысқан. Енді ол ісмер әйелден сырмақ пен бөстек тігуді үйренбек. Ал қолөнершінің басты арманы осы ұлттық өнерді одан әрі дамытып, Қазақстанның әр қаласында «Сырмақ» орталықтарын ашу.

ГҮЛНАР СЕЙЖАН, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ:

 - Ол не үшін керек? Ол біздің қазағымыздың дәстүрін ұмытпау үшін керек, ол біздің мәдениетімізді ұмытпау үшін керек. Біздің тарихымызды ұмытпау үшін, біздің немерелерімізге келер ұрпағымызға қалдыру үшін керек. Мен ойлаймын осы сырмақ тігуді мектепте сабақ ретінде жүргізсек. Сонда біздің балаларымыз оны өмір бойы алып кетеді өзімен бірге.Сонда біздің сырмақ мәдениетіміз өлмейді.

Енді жас ғалым Шико Жапониядағы белді оқу орындарының бірі Шиба университетінде қазақ этнографиясы туралы докторлық дисертация қорғамақ. Қазақтың бір ою-өрнегі бір ғылыми еңбекке татитындығын осыдан-ақ көруге болады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер