ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының ұйытқы болуымен Түркияда 20-шы «Опера күндері» аталып өтті. Оның аясында Ыстамбұл мен Гирне қалаларында түркітілдес мемлекеттердің опера жұлдыздары ән шырқады. Концертте еліміздің атынан «Астана опера» мен Абай атындағы опера және балет театрының солистері Жұпар Ғабдулина мен Ілияс Артағалиев өнер көрсетті. Олар Джакомо Пуччинидің «Тоска» ариасы мен танымал композитор Агустин Лараның «Гранада» шығармаларын орындады. Классикалық кештен әсерленген ыстамбұлдық өнерсүйер қауым әншілердің шеберлігіне тәнті болып, ерекше қошемет көрсетті. Ал ұйымдастырушылар «Опера күндері» жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін халықтың сүйікті мәдени шарасына айналады деп отыр.

РЕМЗИ БУХАРАЛИ, «ЭМЕК» МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымымен бірігіп 2017-2018-ші жылдың маусымын «Опера күндерімен» ашып отырмыз. Концертте түбі бір бауырлас елдерден келген жезтаңдай әншілер өнер көрсетті. Көрермен қауым осы кештен рухани азық алып, көтеріңкі көңіл-күймен қайтты деп ойлаймыз. Екінші жағынан, бұл шараның қатысушы өнерпаздар үшін де берері мол. Олар бір-бірлерімен тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алды. Өнер адамдары үшін әріптестермен рухани байланыс орнату өте маңызды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер