Маңғыстаудағы жерасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралары тізіміне енгізу жоспарланып отыр. Батыс Қазақстандағы ең көне сәулет ескерткіштері деп Шақпақ ата жерасты мешітін, Шопан ата, Қараман ата мешіттері мен Қазақстанның 7 кереметіне енген Бекет ата жерасты мешітін атауға болады. Мамандар тастарды ойып жасаған бұл жерасты мешіттерінің әлемде баламасы жоқ дейді. 10-шы-18-ші ғасырлар аралығында салынған бұл діни сәулетті ескерткіштер осы күнге дейін жақсы сақталған.

ПӘНИЯ САРМУРЗИНА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Ескерткіштердің әсіресе құрылысы жағынан ерекшелігі ол дүниежүзінің мамандарын таңдандырып отыр. Ал, осы ескерткіштерді, жерасты мешіттерін сериялық негізде бүкіләлемдік ЮНЕСКО-ның мұрасына енгізу бойынша қазіргі таңда жұмыстар басталып кетті. Бұл жұмыстар ЮНЕСКО-ға енгізу үшін өзінің арнайы ережесі бар.

 

ҚАРАЖАРТАС ҚОРЫМЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Ал Қарағанды облысының Шет ауданындағы Қаражартас қорымын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Пирамидаға ұқсас кесенені археологтар былтыр тапқан еді. Қазба жұмыстары аяқталғаннан кейін мемлекеттік қазынадан 5 млн теңге бөлініп, екі ай ішінде қорымды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Осыдан 3 мың жыл бұрын салынған бұл ескерткіштер Беғазы Дəндібай мəдениетіне жатады. Бұл қорымдағы мәдени ескерткіштер еліміздің 100 киелі орындар тізіме енгізілді. Сонымен қатар, ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне үміткерлер қатарына қосылды.

ТҮЛКІБАЙ ТӨЛЕУОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МƏДЕНИ МҰРАЛАРДЫ САҚТАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Қаражартастың құндылығы бұған дейін біздің Қазақстанның территориясында басқа жерде дəл мұндай қола дəуірінің баспалдақты пирамида сияқты ескерткіштер кездескен жоқ болатын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер