Елорда мен қала қонақтары «Япыр-ай» халық әнін әлемге әйгілі пианист Котаро Фукуманың орындауында тыңдай алды. Қазақ сазының сырын таба білген майталман Астанада дәстүрлі «Жапон күзі» атты халықаралық фестиваль аясында өнер көрсетті. Он саусағынан саз тамған музыкант Шопен, Чайковский сынды ұлы композиторлардың классикалық жауһарға айналған шығармаларын ойнап берді. Котаро Фукума – түрлі халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Әлемнің үздік сахна төрлерінде атақты музыканттармен өткен бірқатар әуезді жобалардың авторы.

КОТАРО ФУКУМА, ПИАНИСТ /ЖАПОНИЯ/:

 - Концертте мен қазақтың халық әндерінің бірін орындадым. Бұл менің жергілікті өнермен алғаш рет жақынырақ танысуым. Қатты қобалжыдым. Бұл туынды – өнер сүйер қауымға жақсы таныс шығарма. Құлаққа жағымды әрі аса жеңіл естіліп қабылданғанымен өте қүрделі музыка. Нәзік мәнерде орындалуы жағынан біздің дәстүрлі әуендерге ұқсастығы бар. 

Байқау күншығыс елінің дәстүрлі өнерін насихаттаудан бұрын, қос елдің мәдениеттерін сабақтастыру қамында жылда ұйымдастырылып тұрады. «Жапон күзі» шарасы осымен 7-ші маусымын ашты. Бұл аралықта талай дарынды жапондық және қазақстандық өнерпаздардың шеберлігі бір сахнада тоғысты. Биыл фестиваль аясы кеңейді. Концерттер бас шаһардан бөлек, Алматы мен Бішкек қалаларында да салтанат құрды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер