Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театры бір жылдығын атап өтті. Осыған орай өнер сахнасында үздік дәстүрлі ән орындаушыларының кеші ұйымдастырылды.

Еліміздің барлық өңірінен шақырылған дәстүрлі әншілер халық әндерін ескі сарынмен кезектесе орындады.

 

ЖАНҒАЛИ ЖҮЗБАЙ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, КҮЙШІ:

 - Менің ойымша, бірінші рет ұйымдастырылып отырған үлкен өнер ордасы. Құдайға шүкір. Мұндай өнер ордасы Қытайда болуы мүмкін. Өйткені, олардың классикалық театры деген театры бар. Онда сол дәстүрлі, ән, күйі, биі насихатталады. Ал, енді бұл Орта Азияда бірінші рет болайын деп тұр.

 

Тыңдармандар осы кеште алғаш рет күй орындау шеберлігінің жеті, әншілердің бес мектебі мен екі жыршы-жыраудың үлгісін көрсеткен мықты орындаушыларды көрді. Осыған дейін дәстүрлі өнер иелерінің басы бір жерде бұлай тоғыспаған еді, дейді олар.

 

АЙГҮЛ ҚОСАНОВА, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ:

 - Әрбіреуі келіп жеке концертін берсе, кезектесіп халықты жинап өзіміздің дәстүрлі өнерімізбен сусындатып отырса онда нұр үстіне нұр болады. Өйткені, басқа опералық театрда болмаса, республика сарайында концерт берген бір бөлек те, өзіміздің осы дәстүрі өнер театрында концерт берудің жөні бір бөлек.

 

Бұдан былай дәстүрлі ән мен күй кештері жиі өтіп тұратын болады. Ол осы кеште өнер көрсеткен серілер мен «Алатау» дәстүрлі өнер театры арасында қол қойылған келісім негізінде жүзеге асырылмақ. Аталған орындаушылар үшін театр тарапынан жеңілдік қарастырылған. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер