Дәстүрлі өнерді дамыту мақсатында құрылған Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ашылғанына тура бір жыл болды. Алғашқы мерейтойды шығармашыл ұжым музыкалық кешпен атап өтті. Шараға қатысу үшін ел аймақтарынан арнайы келген 19 дәстүрлі әнші мен театр басшылығы кездесу өткізіп, арнайы меморандумға қол қойды. Бұл өнер майталмандарына жиі сахналық кештер өткізуге мүмкіндік береді. Таяу арада қазақтың ән өнері бойынша курстар ұйымдастыру мәселесі де талқыға салынды.

 

БЕРІК ЖҮСІП, «АЛАТАУ» ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Біздің қазір көптеген қайраткерлеріміз бар шәкірттерімен ықылас концерттерін бергісі келетін. Осы дәстүрлі өнерпаздардың шығармашылығын өз күшімізбен атсалыса отырып дәріптеуге, насихаттауға дайынбыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер