Кең байтақ еліміздің түкпір-түкпіріне жарты сағаттық саяхат. Қазақстанның шағын үлгісі іспеттес «Атамекен» этно-мемориалды кешеніне - 16 жыл. Ашық аспан астындағы бірегей мұражайдың ерекшелігі сонда бар-жоғы екі гектар аумаққа Қазақстан қалаларының сәулеттік һәм табиғи әрі тарихи  өлкелерінің шағын әрі дәлме-дәл көшірмелері сыйып тұр. Мұндағы 40-қа жуық жәдігерлік үлгі Астананың сол жағалауының көрінісіне арналған. Бір қызығы, бұл картаның жұмысы аяқталатын нақты уақыт белгіленбеген. Өйткені күн сайын өркендеп келе жатқан мемлекетіміздің басты жаңалығына бұл ортадан орын табылады.

 

ЛӘЗЗАТ ЕРМАҒАМБЕТОВА, «АТАМЕКЕН» ЭТНО-МЕМОРИАЛДЫ КЕШЕНІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

 - 415 экспонат бар. Жылда-жылда көбейтіліп отырады. Реставрациядан өтіп отырады. Жаңадан 5 лед-экран қойылды. Жаңадан 14 макет қосылды әр облыстардың. Өзіміздің штатымызда қызметкерлер бар, художник-макетчиктер. Осының барлығы сол кісілердің еңбектері.

 

ТМД төңірегінде теңдесі жоқ кешен елордалықтар мен қала қонақтары тамсана қызықтайтын көрікті орындардың біріне айналды. Танымдық мекен Қазақстанның бүгінгі дәулеті, сәулетімен қатар қазыналы елдің шежірелі тарихы, мәдениеті, тұрмыстық салтынан кеңінен сыр шертеді. Ашылғалы осыған ынтық келушілер саны бір толастаған емес.

 

КАМИЛ КРУПКА, ТУРИСТ /ЧЕХИЯ/:

 - Мен Чехиядан келдім. Қазақстанға келген туристер ең алдымен осы кешенді қарап, елдің соншалықты кең екеніне көз жеткізуі керек. Осыған ұқсас нысанды Голландия мен Швейцариядан көрдім. Әрк елген туристке келуге кеңес беремін.

Биыл сегіз айда мұражайға 25 мыңға жуық адам бас сұқса, өткен ЕХРО-2017 көрмесі уақытында оны 45 елден 1 122 шетелдік турист тамашалаған. Еске ала кетейік, «Атамекен» этно-мемориалдық кешені 2001 жылдың  қыркүйегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған еді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер